Олар балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторияда ашылған провизорлық стационарда жатыр.
Басқарма басшысы коронавирус инфекциясы тіркелген елдерден келген азаматтар 14 күнге карантинге орналастырылатынын айтып өтті.
Қазір сақтық шаралары үшін обсервациялық стационарлар ашылуда. Шиелі, Қармақшы, Қазалы аудандарының ауруханаларында, облыстық физиопульмонологиялық орталықтың Тереңөзек бөлімшесінде 400 төсек орынға арналған провизорлық стационарлар бар. Мұның барлығы тек алдын алу, сақтық шаралары екендігін айтып өткім келеді. Елімізде де, Қызылорда облысында да аталған ауруға шалдыққан адам тіркелген жоқ. Сондықтан алып қашпа әңгімеге сеніп, азық түлік, дәрі-дәрмек қорын көптеп алып қоюдың қажеті шамалы, – деді ол.
Аймақтағы барлық емдеу мекемелері қорғаныс құралдарымен, қажетті дәрі-дәрмек қорымен жабдықталған. Ол үшін 43 млн теңге жұмсалған.