Медицина • 13 Наурыз, 2020

Қытайдың Хубэйден басқа жерінде 8 күн қатарынан коронавирус тіркелген жоқ

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері коронавирус пандемиясына байланысты Қытайда жағдай жақсы жағына өзгеріп келеді. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының қызметкерлері «Egemen Qazaqstan» газеті үшін арнайы мәлімдеді.

Қытайдың Хубэйден басқа жерінде 8 күн қатарынан коронавирус тіркелген жоқ

Мәселен, бүгін Қытайдың Хубэйден басқа провинциясында 8-ші күн қатарынан коронавирустың жаңа оқиға тіркелген жоқ.

Ал, бүгін Хубэй өлкесінің Ухань қаласында короновирустың 5 жаңа жағдайы, провинциядан тысқары 3 оқиға тіркелгенімен, бұл адамдар басқа мемлекеттерден оралғандар.

Қысқасы, Қытай елінде күн өткен сайын жағдай тұрақталып келеді. Кеше 15 адамда коронавирус жұқтырғаны расталса, оның 8 адамы Хубэйде, Шаньдунде вирусқа шалдыққан 7 адамың 6-уы басқа елдерден келген.

Қытай ғалымдары наурыз айының соңына дейін нөлдік нәтижеге жету үшін шекараны қатаң бақылауға алып, ДССҰ ұсыныстары мен кеңесін қатаң сақтайтын болады.