Аймақтар • 13 Наурыз, 2020

«Шымкент құс» бір жылда 2000 тонна құс етін нарыққа шығарады

463 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М. Исахов пен басқарма басшысы А. Қаныбеков ауыл шаруашылығы саласындағы тауар өнімдерін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқан «Шымкент құс» ЖШС-нің жұмысымен танысты.

«Шымкент құс» бір жылда  2000 тонна құс етін нарыққа шығарады

Жалпы аумағы 57,7 га құрайтын фабрикада қазіргі таңда 320 адам жұмыс істейді. Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және бройлер етін өндіру.

Фабрикада 602,7 мың бас құс өсірілуде.

Оның ішінде:
- жұмытқалағыш мекиен тауық - 395,3 мың бас;
- жас балапан - 92,2 мың бас;
- бройлер - 115,2 мың бас.

Фабрикада жұмыртқа жинау және сорттау процесстері автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Сонымен бірге зоотехникалық, ветеринарлық зертханаларымен қамтылған.

Тауарлы жұмыртқа бағытындағы құс фермасы қуаттылығы жылына 115 млн дана жұмыртқа және 2000 тонна бройлер құс етін өндіруге бағытталған.