Қоғам • 14 Наурыз, 2020

Балабақшалар жұмысы әзірге тоқтамайды - БҒМ

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте балабақшалар жұмысы әзірге тоқтамайтынын мәлімдеді. 

Балабақшалар жұмысы әзірге тоқтамайды - БҒМ

«Балабақшалар әзірге жұмыс істейді. Ата-аналардың балаларын үйде қалдыруға мүмкіндігі болса, жібермеуді ұсынамыз. Жағдайға байланысты балабақшаны жабу туралы шешім қабылдануы мүмкін. Осыған дейін балабақшаға ұзақ уақыт келмеген баланы шығару туралы норма болатын. Ал қазір осы уақыт аралығында балабақшаға келмеген тәрбиеленушінің орны сақталатын болады», деді министр.

Асхат Аймағамбетов министрлік алдын алу шараларына байланысты арнайы бұйрық әзірлеп, білім беру ұйымдары мен облыстардың білім басқармаларына жібергенін айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55