Аймақтар • 14 Наурыз, 2020

Петропавлда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желінің «Telegram» арнасындағы 3,5 мың қолданушы жинаған мессенджері арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан петропавлдық қолға түсті. Өздеріне белгілі сөздермен сауда жасаған соң сатушы есірткіні қаланың әрбір ауданындағы қуыстарға қалдырып отырған.

Петропавлда синтетикалық есірткі сатушы ұсталды

Ұстау кезінде күдіктінің бойынан және үйінен 500 граммдай синтетикалық есірткі табылды және өзі де есірткі шегіп алғаны анықталған. Бұл өте үлкен көлем деп бағаланады. 28 жасар қызылжарлықтың есірткі сатумен айналысуы бірінші рет емес екен. Петропавл қалалық ПД есірткіге қарсы күрес бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметовтың айтуына қарағанда ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін ұсталған. «Оның қамаудан шыққаны былтырғы көктемде ғана болған еді, енді тағы да сол қылмыспен айналысып отыр. Қазір ол уақытша оқшаулау изоляторына қамалды», деді ол.

Бірнеше грамм есірткі күдіктіні алып жүрген таксидің салонынан да табылған. Жоғарыда айтылған көлемнің негізгі бөлігі үйді тінту барысында табылған. Сонымен бірге үйде синтетикалық есірткіні дайындайтын концентрат, электронды таразы, орайтын жылтыр қағаз табылған.

Мұндай қылмыстарды анықтау мен ұстау полиция қызметкерлері үшін бірнеше ай бойғы талмас еңбекті талап етеді. Өткен бейсенбіде олар өз еңбектерінің үлкен нәтижесіне қол жеткізіп, есірткі жасаумен және сатумен айналысқан жоғарыда айтылған күдіктіні қолға түсірді. Айта кететін болсақ, өткен күзде олар Аққайың ауданында есірткі жасау зертханасын да тапқан. Ал биылғы жылдың басынан 37 нашақорды ұстап отыр. Олардың бойынан және тұратын жерлерінен 1400 грамм есірткілік заттар табылған.

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Көлікпен дәулет құраған

Қоғам • Бүгін, 10:40

Әлжанның алтын медалі

Таным • Бүгін, 10:20

Ақылды келіншек

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 10:00