Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 89 жолаушының қайда екені анықталды

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған науқас ұшып келген Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 35 жолаушы өңірлерге кеткен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова мәлімдеді.

Мәскеу-Нұр-Сұлтан рейсіндегі 89 жолаушының қайда екені анықталды

«12 наурыз күні коронавирус анықталған науқаспен бірге Мәскеу - Нұр-Сұлтан рейсімен ұшып келген келген 89 жолаушының қайда кеткені анықталды. 35 адам елордадан шығып кеткен, 14-і өңірлерде. Олар қазір жергілікті денсаулық сақтау органдарының бақылауына алынып, лабораториялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Ал қалған 54 жолаушының 53-і елордада карантинде жатыр, олар да тексеріліп жатыр» деді Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сауле Кисикова.

21 жолаушы Ресейге ұшып кеткен. 1 жолаушы дипломатиялық миссиясына байланысты Ресей елшілігінің аумағында қалған.

Нұр-Сұлтан қаласында екі науқас анықталған.

 

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55