«2020 жылғы 13 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел- іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Алматы қаласында «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушыны ұстап, сот санкциясымен қамауға алды. Тұтқындалған адам Наурыз мейрамын мерекелеу кезеңінде халық көп шоғырланған орындарда теракт дайындады деп күдіктелуде. Тергеу іс-қимылдары барысында одан екі жауынгерлік граната алынды. Көрсетілген адамға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 255 (Терроризм актісі) және 258 (Террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік) баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жалғасуда» делінген хабарламада.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Алматыда Наурыз мейрамы кезінде теракт ұйымдастырмақ болған ДАИШ халықаралық террористік ұйымы идеологиясын ұстанушының қолға түскенін хабарлады.
Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 00:38
Қазақстан халқы ақпан айында қанша күн демалады?
Қоғам • Кеше
Жасанды интеллекттің әсерінен адамдардың миы 20-30%-ға баяу ойланады
Технология • Кеше
Жітіқарадағы өртте 5 баласы өртеніп кеткен ана 5 жылға сотталды
Төтенше жағдай • Кеше
Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді
Балалар • Кеше