Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Алматыдағы 4 науқастың біреуі орташа ауыр жағдайда

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев брифинг барысында айтты.

Алматыдағы 4 науқастың біреуі орташа ауыр жағдайда

«Науқастардың барлығы Қазақстан азаматтары. Бірінші науқас 10 наурыз күні Қазақстанға келіп, үй карантинінде болған. Коронавирус анықталған тағы бір азамат 13 наурызға қараған түні Берлин-Алматы бағытында чартерлік рейспен келген. Борттағы барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері бірден карантинге жатқызылып, тиісті медициналық зерттеулер жасалды. Ал вирус жұқтырды деген үшінші азамат чартерлік рейспен келген науқастың жұбайы. Бүгін анықталған төртінші науқас Мәскеу-Алматы рейсімен 10 наурыз күні ұшып келген. Байланыста болған барлық адамдар қазір анықталып жатыр» деді Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі науқастардың жағдайына тоқталып өтті. 

«Алматы қаласының инфекциялық емханасына жатқызылған 3 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Біреуі орташа ауыр жағдайда. Вирусқа қарсы және симптоматикалық терапия ережеге сәйкес уақытында басталды» деді Т. Әбілдаев.