Қоғам • 14 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі бағаны тұрақтандыру бойынша 2 бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында азық-түлік қоры жеткілікті

Тұрақтандыру қоры құрылып, сауда желілерін жеңілдікпен несиелендіру бойынша жұмыстар жүргізілген.

«Айналым схемасы» жобасына «Magnum», «Астықжан», «Кенмарт», «Small», «Шапағат», «Евразия», «Артем», «Биг Шанхай» сияқты сауда орындары қатысады, сондай-ақ ет пен жарма бойынша жеткізушілер анықталды. Дүрлігуге себеп жоқ, азық-түлік жеткілікті мөлшерде бар» делінген әкімдік таратқан ақпаратта.  

Әлеуметтік нан бағасын ұстап тұру мәселесі де қарастырылған.

Тұрақтандыру қорының ұн қоры толықтырылып, қаланың наубайханаларына қолдау көрсетіліп жатыр. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерін өткізу бағаны ұстап тұруға және өнімді нарықтық бағадан төмен сатуға мүмкіндік береді. Ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің маусымы «Аспан базар» сауда үйінде басталды, жәрмеңке әр сенбі мен жексенбі күндері сәуір айына дейін өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше