Қазақстан • 14 Наурыз, 2020

Қазақстан полициясы ерекше қызмет режиміне көшті

270 рет көрсетілді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ІІМ басшылығының, оның қызметтерінің, сондай-ақ полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің және Министрліктің оқу орындары басшыларының қатысуымен бейнеселекторлық кеңес өткізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Кеңеске Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов шақырылды, ол коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу шаралары туралы айтты.

ІІМ басшысы коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты Ішкі істер органдарының жеке құрамы қызмет атқарудың ерекше тәртібіне ауыстырылғанын атап өтті.

Құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді, полиция мен Ұлттық ұланның жаяу жасақтары көбейтілді, сондай-ақ стратегиялық және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету күшейтілді. Көп адамдардың қатысуымен өткізілетін кездесулер мен іс-шаралар тоқтатылды, қызметкерлердің шетелге шығуы мен қызметтік іссапарлары шектелді.

– Барлық деңгейде ІІМ қызметтері мен бөлімшелерін Денсаулық сақтау органдарымен жедел және нақты үйлестіруді қамтамасыз ету қажет. Полиция қызметкерлері, құтқару қызметі және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қазірдің өзінде карантиндік іс-шаралар кезінде медициналық қызметтерге толық және жан-жақты көмек көрсетуде. Бұл ретте коронавирустық жағдайы қолайсыз елдерден келген азаматтарды медициналық мекемелерге алып жүруді жүзеге асыруда, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Соңғы жаңалықтар

Әскерилер қан тапсырды

Аймақтар • Бүгін, 12:33

Пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 09:17

«Сочиді» тізе бүктірді

Хоккей • Бүгін, 08:07

ТОП-10 боксшының қатарында

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:05

Қызыққа толы Премьер-лига

Футбол • Бүгін, 07:59

Сахна сардары

Өнер • Бүгін, 07:55

Тарихты таразылаған туынды

Руханият • Бүгін, 07:43

Кемел қазақтың келбеті

Таным • Бүгін, 07:40

Наурыздың ақша қарындай

Руханият • Бүгін, 07:30

Сарсаңға салған сараптама

Ғылым • Бүгін, 07:23

Өз балаң өзекке теппесін

Өнер • Бүгін, 07:23

Жас теннисшілер бас қосты

Теннис • Бүгін, 07:06

Ол кезде Надя отызда еді

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:02

Ұқсас жаңалықтар