Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Алматыдағы спорттық ұйымдар жұмысын тоқтатты

713 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы мемлекеттік спорт ұйымдарында оқыту-жаттығу процесі тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасы хабарлады.

Алматыдағы спорттық ұйымдар жұмысын тоқтатты

Алматыда барлығы 14 коммуналдық спорт нысаны бар. Оның ішінде 9-ы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі жұмыс істейді. Спортпен шұғылданатындар 12 мыңнан астам адамды құрайды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 13 наурыздан бастап Алматы қаласының барлық мемлекеттік спорттық мектептерінде оқу-жаттығу процесі тоқтатылды.

Жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылатын спорт кәсіпорындарындағы оқу-жаттығулары, физикалық-сауықтыру қызметтерін ұсыну және спорт саласындағы әлеуметтік жобаларды іске асыруға да шектеу қойылды.

Жеке спорт ұйымдарына спорт саласында көрсетілетін қызметтерді уақытша тоқтату жөнінде ұсынымдар берілді. Атап өтетін жәйт, бірқатар ұйым, соның ішінде, қала тұрғындары да бұл ұсыныстарға түсіністік білдірді.

Сонымен қатар, барлық спорт түрлері бойынша қалалық құрама командаларының мүшелері Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына шектеу қойылды. Сондай-ақ, мегаполис аумағында халықаралық спорттық шаралар да тоқтатылды.

Еске салсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирус пандемиясын жариялады.

 

 

АЛМАТЫ