Өңірде, облыс орталығында барлық дүкендер, сауда орындары тұрақты жұмыс жасауда. Барлық қажетті өнімдер бар.
Қазір тұрақтандыру қорынан қарақұмық, жұмыртқа, күнбағыс майы, қант, картоп жеткізілуде.
Облыс орталығындағы дүкендер мен көтерме сауда дүкендерде және базарларда күніне үш рет баға мониторингін жүргізіледі.
Қала әкімі Қайрат Нүкенов осы аптада супермаркеттер желісінде жеткізушілермен және кәсіпкерлермен кеңес өткізді.
Айтуларынша, облыс орталығындағы Small, Inmart, Greenvich, ЛИДЕР супермаркеттерінің қоймаларында қажетті азық-түліктің бәрі бар.
Бұл супермаркеттердің басшыларымен күн сайын келіссөздер жүргізіледі.
Ал Small және Inmart супермаркеттерінде азық-түлік бағаларына жүргізілген мониторинг барысында, көкөністер мен жемістердің Өзбекстан, Тәжікстаннан жеткізілуде.
Сондықтан бағаның негізсіз өсуі анықталса, монополияға қарсыдепартаментке хабарланады.
Қазір қалалық әкімдік бағаның өсуін болдырмау үшін Екібастұздағы қызанақ өсіретін «Қаз Томат» компаниясымен келіссөздер жүргізуде.
Жалпы, облыс орталығындағы Тұрақтандыру қорында 250 тонна қант бар және қанттың келісі 165 теңге.
Еліміздегі Жамбыл, Алматы облысындағы қант зауыттарының жұмысы тоқтағалы, өңірге қант Ресейден жеткізіледі.
Сондықтан, әлеуметтік дүкендерге қарағанда, супермаркеттерде қант, қарақұмық, күріш бағасының өсуі де байқалуда.
Күнбағыс майын Өскеменнен тұрақтандыру қоры жеткізеді, келісімшарттар мен меморандумдар жасалған.
Павлодар