Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарды, көшелерді тазалады.
Арал қаласының өзінде ғана тазалық жұмыстарына 1340 адам, 8 техника жұмылдырылды. Қала көшелерінен 520 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылды.