Жастар дүкенге тұрғындар әкелген киімдер мен тұрмыстық заттарды әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар балаларына табыстайды.
Әлеуметтік дүкеннің ашылуында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Совет Бабанаев жастардың жақсы бастамасына оң болсын айтты.
Бұдан бөлек «Birgemiz: Qamqor» жобасы аясында аудандағы Арықбалық, Құмжиек ауылдық округтерінде де осындай дүкендер ашылған.