Аймақтар • 15 Наурыз, 2020

Қызылорда: тәулігіне 10 мың маска шығарылуда

256 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов тұрғындар күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің қоры мен бағасын білу мақсатында бірқатар сауда нүктесін аралады. Сонымен қатар Қызылордадағы «Dalatex» компаниясы маска тігуді қолға алып отыр.

Қызылорда: тәулігіне 10 мың маска шығарылуда

Аймақ басшысы алдымен Small сауда орталығында болды. Мұндағы ұн, нан, қант, шай мен басқа да азық- түлік өнімдерінің бағасын көрді.

- Мұнай бағасы мен валюта бағамының тұрақсыздығына және коронавирус індетінің таралуына байланысты азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және қажетті қор жинау мақсатында тиісті жұмыс жасалады. Халық азық-түліктен таршылық көрмеуі керек. Кәсіпкерлер бұл іске атсалысады деп ойлаймын, - деді облыс әкімі.

Қазір тұрақтандыру қорында 1219,9 тонна өнім бар. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қосымша 3,5 мың тонна азық-түлік өнімдерін сатып алу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.  

Аймақ басшысы 2000 тоннадан аса көкөніс сақтайтын «Байқоңыр» ӘКК» қоймасының жұмысымен танысты. Онда өнімдерді талапқа сай сақтау үшін барлық жағдай жасалған және арнайы құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты елімізде медициналық масканың жетіспеушілігі байқалып тұрғаны да жасырын емес. Осыған байланысты Қызылордадағы «Dalatex» компаниясы маска тігуді қолға алып отыр.  Өңір басшысы осы серіктестіктің тігін фабрикасында да болды. Қазір мұнда тәулігіне 10 мың дана маска шығарылуда. Өнім Қызылордадан бөлек, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматыға жөнелтіледі. Отандық өнімнің тағы бір ерекшелігі бірнеше рет жуып, үтіктеп қолдануға болады.

Облыс орталығындағы Magnum сауда орталығында аралаған өңір басшысы баға тұрақтылығы мен азық-түлік қоры әрдайым бақылауда болатынын айтты. 

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15