Коронавирус • 15 Наурыз, 2020

Вирус жұқтырғандардың бірі Halyk bank қызметкері болып шықты

1513 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкінің» баспасөз қызметі хабарлады

Вирус жұқтырғандардың бірі Halyk bank қызметкері болып шықты

«Halyk Bank клиенттермен әрдайым өзара ашық қарым-қатынаста болуға ұмтылады. Оның үстіне бүгінгі бүкіл әлемді дүрліктірген өмір сүру жағдайында бұл аса маңызды. Осыған байланысты, COVID-19 коронавирустық инфекциясының анықталған жағдайларының бірі Алматы қаласындағы банк ғимаратының бірінде кеңес беру қызметін ұсынатын сыртқы ұйымның қызметкерінде орын алғандығы туралы халыққа хабарлау қажет деп санаймыз» делінген Halyk bank таратқан ақпаратта. 

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің әрекет ету алгоритміне сәйкес, қаланың медициналық қызметкерлерімен бірге науқас, сондай-ақ онымен байланысқан барлық қызметкерлер сынақ процедурасынан өтіп, қазіргі уақытта оқшауланған және карантинде жатыр.

Банк таратқан хабарламада вирус жұқтырған қызметкердің клиенттермен тікелей байланыста болмағаны айтылды.  

«Сонымен қатар, анықталған ауруы бар сыртқы компания қызметкері мен онымен жақын жерде болған басқа банк қызметкерлері де  клиенттермен тікелей қарым-қатынаста болмағанын хабарлаймыз» деді банк өкілдері. 

Банк кеңселері мен бөлімшелерінде үнемі санитарлық тазарту жүргізілетінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Шиті мылтық пен түйе зеңбірек

Жәдігер • Бүгін, 09:45

Азиядан – 6 алтын медаль!

Бокс • Бүгін, 09:40

Әнші Майра тұрған үй

Мирас • Бүгін, 09:35

151 судья тағайындалды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:30

Менің Темағам!

Руханият • Бүгін, 09:05

Баршаға ортақ мүмкіндік

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:55