Жүргізушілер соңғы аялдамаларда күніне екі рет автобустардың ішін, яғни адам қолы тиетін жерлерді: шынтақшаларды, есік тұтқаларын, орындықтар мен валидаторларды дезинфекциялайды.
Таблеткалар «С-01» деп аталады. Өнім Қазақстанда жасалған. Бұл дезинфекциялық ерітінді аллергияны тудырмайды және ешқандай иіс шығармайды.
Ауысым аяқталғаннан кейін бағдарлар жуу орнына кіреді, онда барлығын көлік жуушылар тазартады.
Бүгінде елорда қоғамдық көлігіне 6 автобус паркі қызмет көрсетеді. Бағдарлық желі 93 маршруттан тұрады, оның ішінде 63 қалалық, 6 экпресс және 24 қала маңына қатынайтын бағдарлар бар. Күн сайын 800-ге жуық автобус жолға шығады. Қазіргі уақытта барлық бағдарлар бекітілген кестеге сәйкес қатынайды.
Автобустардың соңғы аялдамаларында дезинфекциялық ерітінділермен зарарсыздандыру үшін CTS компаниясы елорданың барлық автобус парктеріне хаттар жолдады.