22 Тамыз, 2013

Ақаулы жол қайта жөнделмек

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылдың маусым айында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскедегі Орынбор көшесіндегі жолдың жоғарғы қабатына ұсақ тас­ты-шайырлы асфальт-бетон төсеу арқылы орташа ағымдағы жөн­деу жұмыстарын жүргізді.

Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ағымдағы жылдың маусым айында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі учаскедегі Орынбор көшесіндегі жолдың жоғарғы қабатына ұсақ тас­ты-шайырлы асфальт-бетон төсеу арқылы орташа ағымдағы жөн­деу жұмыстарын жүргізді.Бірақ, 1 ай пайдаланудан кейін аял­дама аумақтары және төселген жол­дарда іздер, яғни жік түрінде ақаулар пайда бола бастады.

Ақаулардың пайда болу себеп­терін анықтауға «Қаз­Жол­ҒЗИ» ғылыми-зерттеу инс­титуты тартылған болатын. Қажетті лабо­раториялық сынақтар жүргізілген соң ақаулардың пайда болуына негізгі бөлігі, яғни төменгі қабатының шала тығыздалуы және негізгі бөлігімен нашар бай­ланысқаны себеп болғаны анықталды. Осыдан соң институт асфальт-бетонды қабатты түге­лімен алып тастауды, ақаулы жік­терді шайырмен бітеуді, төменгі қабатын Butanal NS полимерін қолдану арқылы ірі түйірлі асфальт-бетонмен, жоғарғы қабатын сондай NS полимерін қолдану арқылы ұсақ тасты-шайырлы 20-шы асфальт-бетон төсеуді ұсынды.

Өткізілген сараптама негізінде басқарма «Rostra Group» ЖШС мер­­дігер мекемесіне кепілдік мін­дет­теме шеңберінде өз есебінен ағым­дағы жылдың тамыз айының 22-сі­нен 26-сына дейін ақауларды жою­ды тапсырды. Осы мерзім ара­лығында аталған учаскеде авто­көлік қозғалысы шектелетін бола­ды, деп хабарлады Астана қала­сы әкімі аппаратының баспа­сөз қызметі.