22 Тамыз, 2013

Денсаулық дәнекері

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл сайын тамыз айының үшінші аптасында елімізде спорт күнін тойлау дәстүрге айналған. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуды көздеген бұл шара бас қаламызда биыл кеңінен аталып өтті.

Жыл сайын тамыз айының үшінші аптасында елімізде спорт күнін тойлау дәстүрге айналған. Саламатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытуды көздеген бұл шара бас қаламызда биыл кеңінен аталып өтті.Жартыжылдыққа атқарылған істердің қорытындысы шығарылып, алдағы күндердің жоспары бекітіледі.

Еліміз тәуелсіздік алғалы қазақ жастары қай спорт түрінен болсын байрақты бәсекеде еліміздің жалауын желбіретіп, Әнұранымызды асқақтатып жүр. Еліміздің спорты жылдан-жылға дамып келеді. 15-18 тамыз аралығында Астана қаласында Спорт күніне байланысты бірнеше іс-шаралар өткізілді. Мәселен, 17 тамыз күні «Бәйтерек» монументінің ала­­ңында өткен шарада «Өмір нәрінен ләззат ал!» атты акция аясында функционалдық жаттығулар жүргізілді. Сонымен бірге, қала­мыздың орталық саябағында 2000-нан аса спортсүйер қауым жиналды. Спорт мерекесі шеңберінде ұйымдастырылған шараға қатысқан қала тұрғындары «Президенттік миль» жарысына белсене қатысты. Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, шыдамды да жігерлі жүруіне септігін тигізетін құдіретті күш дене тәрбиесі мен спорт болса керек. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдай жасалып жатыр. Бұқаралық спорт – халық денсаулығының кепілі.

Жанерке ТӨЛЕН,

ЕҰУ-дің студенті.