22 Тамыз, 2013

«Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті»

899 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Адамның негізгі құндылығы – білім, ал білімді ұрпақ ұлт байлығы екені бәріңізге белгілі. «Білімсіз халық қанша бай болса да, байлығы басқа халықтың қолына көшеді», деп Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының біліктілікпен айтқан сөзі бүгінгі таңда да өзінің мәнін жоғалтқан жоқ. Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу саласында ұстаздарға аса жауапты қоғамдық міндет жүктелген. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында», – деген сөзі білім сапасын арттыру үшін әрбір мұғалім жауапты дегенді білдіреді. Осы жауапкершілікті жан-тәндерімен сезініп, жаңа заманның ауыр жүгін қайыспай, жұмыла көтерген жүктің жеңіл екенін сезіне білген ізгілік ұясының бірі – Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернаты.

2002 жылы өз алдына орта білім беретін оқу орны болып құрылған мектебіміз қазір республикамыздағы іргелі де озық білім ордаларының біріне айналып, жаңа мазмұнды оқыту жүйесімен көзге түсуде. Ғимаратсыз қиын-қыстау кезеңде де мектебіміздің халықтың рухани азығы мен білім ордасына айналғаны ақиқат. Оқу орнының бүгінгі айнадай келбетін мектеп басшыларынан бас­тап әрбір ұжым мүшелерінің қайраткерлік келбетімен байланыстыруға болады. Сапалы білім беру мақсатында оқу-тәрбие жұмысының қазіргі заманғы дидактикалық талапқа сай болуы үшін жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланылады. Оқу-тәрбие жұмысында жинақтаған тәжірибеге сүйене отырып дарынды да қабілетті, оқуға ықыласты да ынталы оқушылардың контингенті жинақталды. Табиғи болмысына сәйкес гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін тереңдетіп оқытуға бағытталған сыныптар құрылды. Республикалық үздік мектептер панорамасы байқауында мектебіміз 2009 жылы респуб­лика бойынша «Ең жаңашыл мектеп» номинациясын иеленсе, бірлігі жарасқан ұжым мүшелерінің қажырлы еңбегінің арқасында 2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Үздік мектеп» номинациясын жеңіп алды. Бұл – мектеп ұжымының еңбегіне берілген әділ де нақты баға деп есептеймін.

2002 жылы өзінің алғашқы шәкірттеріне есігін ашқан Түркістан аймақтық «Дарын» мектебінің бүгінгі жағдайы ел сүйсінерліктей. «Көш жүре түзеледі» демекші, мектеп ашылғанда өзінің арнайы оқу ғимараты да болмаған, материалдық базасы жоқ мектептің қазіргі таңда екі қабатты 320 орындық оқу ғимараты, 150 орындық асхана, 150 орындық жатақхана, 120 орындық мәжіліс залы, кітапхана, спорт залы, 2 мультимедиа кабинеті, оқушылар білімін талдау-сараптау орталығы және жабдықталған 12 пәндік кабинет, соның ішінде жаңа модификацияда жабдықталған физика, химия, биология кабинеттері, 3 компьютер сыныбы, 5 интербелсенді тақтасы бар оқу бөлмелері, физика, химия, биология зертханалары, волейбол, баскетбол, футбол, шахмат, дойбы және алғашқы әскери дайындық алаңдары, «Атамекен» тарихи-этнографиялық, «Геометрия» және «Пирамида» математика және «Глобус» география оқу алаңдары, «Өркен» биологиялық   оқу-тәжірибе алаңы, «Жылдың ең үздік ұстазы мен шәкірті» тұғыры, «Бітірушілер», «Тәуелсіздік» саябақтары, «Күлтегін» ескерткіші, «Бәйтерек» субұрқағы, «Абай ауылы», «Әлемнің жеті кереметі» алаңы, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, лингвист-ғалым Н.Оңдасыновқа арналған бұрышы бар, қорыта айтқанда, оқушылардың сапалы да терең білім алуы мен демалуына барлық жағдайлар жасалынған үлгілі білім ордасына айналды.

Мектеп-интернатта оқушыларға білім беру жаратылыстану-математика бағытында жүргізіледі. Мектепте қазіргі заман