Тағайындау • 16 Наурыз, 2020

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

2131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыз, дүйсенбі Қазақстан Республикасының Президенті  әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен қала басшылығы қызметіне Асхат Шахаров тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған өңір басшысы Оңдасын Оразалин алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Асхат Шахаров 1999 жылы Қазақ мемлекеттік туризм және спорт академиясын дене шынықтыру пәнінің оқытушысы - спорт бойынша жаттықтырушы болған.

2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін халықаралық экономист мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылы РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет және халық шаруашылығы академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Самбодан үш мәрте әлем чемпионы, екі дүркін әлем кубогының иегері, дзюдодан дүниежүзілік біріншіліктің қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Спортшы еңбек жолын 2000 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде спорт пәндері кафедрасының аға оқытушысы болып бастады.

2005 жылдың қараша айынан Ақтөбе педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасының доценті.

2007 жылдың сәуір айынан Ақтөбе облыстық олимпиадашылар резервін дайындау орталығының директоры.

2013 жылдың маусым айынан бері БҚО Қаратөбе ауданының әкімі, 2017 жылдың шілде айынан күні бүгінге дейін БҚО Зеленов ауданының әкімі болды.