Аймақтар • 16 Наурыз, 2020

Шымкентте қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалуда

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қоғамдық көлік бөлімінің басшысы Наурыз Сүгірәлиев мәлімдеді.

Шымкентте қоғамдық көліктерге дезинфекция жасалуда

Қазіргі таңда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары жүргізілуде. Осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар қала әкімдігінің тікелей бақылауында.

-Шымкенттегі қоғамдық көліктер мен қалааралық бағытта қатынайтын автобустарға санитарлық алдын алу шаралары жүргізілуде. Қаладағы барлық жолаушылар көлігіне әр айналым сайын дезинфекция жасалуда. Сонымен қатар «Самал», «Бекжан», «Айна» автовокзалдарындағы басқа қалаларға барып-келіп жатқан автобустарға да профилактикалық шаралар тұрақты түрде күн сайын жалғасуда, - деді Н.Сүгірәлиев.

Еске салсақ, бүгінде Қазақстанда сационарлық карантинде 1 090, үй карантинінде 452 адам жатыр. Бұған қоса, ҚХР мен көршілес мемлекеттерден келген азаматтар мониторингілеуден өтуде.

 

Шымкент