«Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқу жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан Республикасының аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар. Мұны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Сақтанғанды Құдай сақтайды» деді Мемлекет басшысы.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде айтты.
Жайыққа 1,8 млн балық шабағы жіберілді
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған медаль шығарылады
Мереке • Бүгін, 12:25
Батыс елдері Израил-Хамас келісімін қолдады
Әлем • Бүгін, 12:13
Жұртшы жыл құсы болып таңдалды
Қазақстан • Бүгін, 12:00
Зағип жандардың ақпаратқа қолжетімділігі жеңілдейді
Қоғам • Бүгін, 11:51
Израиль мен ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімге келді
Әлем • Бүгін, 11:47