Президент • 16 Наурыз, 2020

Президент: Еліміздің халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясының жаһандық экономикаға әкелген теріс ықпалы жайында пікір білдірді. 

Президент: Еліміздің халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті

- Коронавирустың жаһандық экономикаға теріс ықпалының куәсі болдық. Іс жүзінде әңгіме бүкіл әлемдік экономикалық жүйені қайта құру туралы болып отыр. Қазақстан бұл орасан дағдарыстың салдарын сезінуде. Бірақ экономикалық катаклизмге қарамастан, біз әлеуметтік шиеленістің өсуіне, жұмыссыздыққа жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қолданамыз.      

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің халықаралық резервтері 90 миллиард долларға жетті. Бұл біздің экономикамыздың тұрақтылығын сақтаудың және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың маңызды кепілі, - деді Мемлекет басшысы.