Президент • 16 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін - Мемлекет басшысы

3150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Қазақстан халқына жасаған телевизиялық үндеуінде айтты.

Төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін - Мемлекет басшысы

«Қазақстан көптеген елден бұрын Үкімет деңгейінде арнайы сараптамалық штаб пен ведомствоаралық комиссия құрды, вирустың таралуына қарсы әрекет ету жоспарын қабылдады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған коронавирус пандемиясы аса қауіпті ауқымға ие болды. Сондықтан қазақстандық заңнамаға сәйкес мен еліміздің аумағында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойдым» деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Төтенше жағдай режимі 2020 жылғы 16 наурызда таңғы сағат 8-ден бастап 30 тәулікке енгізілді. Президент өз сөзінде қажет болған жағдайда төтенше жағдай режимі ұзартылуы мүмкін екенін айтты.