Экономика • 16 Наурыз, 2020

KASE теңге бағамы туралы түсінік берді

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықта 13:20-да доллардың орташа бағамы бірден 28,76 теңгеге қымбаттап, 434,38 болды.

KASE теңге бағамы туралы түсінік берді

KASE мәліметтері бойынша, сауда-саттық көлемі $ 74,9 млн құрады.

«Бүгін USDKZT_TOM құралы бойынша сауда-саттық барысында бағаның алдыңғы сауда-саттық күндегі соңғы мәміленің бағасынан 1,5%-ға ауытқуына байланысты Франкфурт аукционы өтті» делінген хабарламада.

Франкфурт аукционының өтінімі KASE «ACT және NEXT сауда жүйелеріндегі сауда ережелері» ішкі құжатында қарастырылған.

Валюта нарығының құрал-жабдықтарына сұраныс бағалары осы құрал үшін алдыңғы сауда-саттық күнгі соңғы мәміленің бағасынан 1,5% немесе одан көп төмендеген жағдайда. Аукционның максималды ұзақтығы көрсетілген ережелермен белгіленеді және 7 минутты құрайды.

Франкфурт аукционы тетіктері аукционның кесімді бағасын анықтауға мүмкіндік береді, ол кезде мәміленің мүмкін болатын ең үлкен көлемі жасалады» деп  атап өтті КАSЕ таратқан хабарламада.