22 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бизнестіңжолкартасы - 2020» бағдарламасынакезектіөзгерістеренгізілуде.Олардың алғашқы екі паке­тін­де жобаларды қарастыру үдерістерін жеңілдетуге назар аударылса, үшінші-төртіншісінде негізгі екпін шағын және орта бизнесті, кішігірім жобаларды қолдауға бағытталды.

Бизнестіңжолкартасы - 2020» бағдарламасынакезектіөзгерістеренгізілуде.Олардың алғашқы екі паке­тін­де жобаларды қарастыру үдерістерін жеңілдетуге назар аударылса, үшінші-төртіншісінде негізгі екпін шағын және орта бизнесті, кішігірім жобаларды қолдауға бағытталды.

*Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы соңғы 5 жылда 2,5 жылға ұзарды. Мұны мәлімдеген Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова 2015 жылға қарай бұл межені 70 жасқа дейін көтеру көзделіп отырғанын айтты.

*Астанада екі қабатты экскурсиялық автобустар қатарға қосылды. Осыны өмірге енгізген «Astana Bus Tours» жобасы Астана әкімдігі мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі арқылы жүзеге асуда.

*Алматыда биыл білім беру саласына қала бюджетінің 20 пайызы бөлінді. Осыған орай саланы дамытуға 57 млрд. теңге берілетінін кеше өткен тамыз кеңесінде қала әкімі Ахметжан Есімов мәлімдеді.

*Маңғыстау облы­сы­­ның табиғатты қорғау ша­раларына 213,2 млн. теңге бө­лінді. Бұл туралы баяндаған Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өңірдегі Қошқарата жасанды көліндегі сұйық фаза деңгейін тұрақты ұстау жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді.

*Шығыс Қазақстан: ауа райы қателесуді ке­шір­мейді. Облыс әкімі Бер­дібек Сапарбаевтың Зырян ауданына сапарының не­гізгі ұраны осы болып, ол өңір­дегі қысқы жылыту мау­сымына дайындық, егін жинауды сапалы аяқтау және әлеуметтік нысандар құрылысын қарқынды жүргізу мәселелерін қамтыды.

* Оңтүстікте жыл ба­сы­нан бері 302,7 млрд. тең­генің өнеркәсіп өнімдері шығарылды. Облыста бұл саладағы жетістіктің 26,1 пайызын тау-кен өндіру саласы құрап, ондағы өсім 79,1 млрд. теңгеге артты.

* Қостанай колледждері студенттердің 3 млн. теңге стипендиясын төлемегені анықталды. Мұның анық-қанығына жеткен облыс прокуратура қызметкерлері 2011-2012 оқу жылы мен биылғы жылдың осы кезеңіне дейін 72 студентке осынша берешек жиналғанын жария етті.

*Астана-Семей ба­ғы­тында жүрдек пойыз­ қатынасы ашылады. Ол­ алдағы 25 тамыз күні «Тұл­пар-Тальго» вагондарынан құ­ралған «Астана-Семей» №63/64 жүрдек пойызы болып жолға шығады.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Шайдоров әлемдік БАҚ назарында

Олимпиада • Бүгін, 12:06