Экономика • 16 Наурыз, 2020

Доллар бағасы тұрақтады

2045 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыз күні таңертең Қазақстанда қызықты жағдай болды. Бар-жоғы 2 сағаттың ішінде долларға қатысты теңге 30 пунктке өзгерді. 1 АҚШ доллары 410 теңгеден 440 теңгеге дейін өсті. Бүгін Алматыда өткен арнайы баспасөз мәслихатында айырбастау пункттерінің иелері ұлттық валютаның құбылмалығын түсіндіріп берді.

Доллар бағасы тұрақтады

«KASE өз жұмысын Қазақстан астанасы уақытымен сағат 10:15-те бастайды және 17: 00-ге дейін жұмысын жалғастырады. KASE ашылу сәтіне айырбастау бағамы 410 және одан да жоғары болды, KASE-де сатушы болған жоқ, алғашқы мәмілелер 12 сағатқа жақын болды. Яғни, 10:15-тен 12-ге дейін Қазақстанның айырбастау пункттерінде бағамның қай деңгейде болатыны туралы түсінік болмады. KASE-де алғашқы мәмілелер 435 теңгеге жуық бағамен жасалды, банктер арасында мәмілелер содан кейін ғана басталып, баға қалыпқа түсті» деді айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев. 

Ол қазіргі уақытта барлық айырбастау пункттерінде шетел валютасы бар және толық қуатында жұмыс істеп тұрғанын айтты.