Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

49 тұрақты халықаралық рейс тоқтатылды - Берік Камалиев

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында елде енгізілген төтенше жағдай бойынша Президент тапсырмаларын жүзеге асыру тақырыбында өтіп жатқан онлайн баспасөз конференциясында айтты.

49 тұрақты халықаралық рейс тоқтатылды - Берік Камалиев

«Азаматтық авиация саласында аптасына 49 тұрақты халықаралық рейс тоқтатылды және 84 халықаралық рейс қысқартылды. Осыған дейін Қазақстан мен Қытай, Иран, Әзербайжан елдері арасында рейстер тоқтатылған еді. Lufthansa әуе компаниясы өз еркімен тұрақты халықаралық рейстерін тоқтатты. 16 наурыз күні Air Astana, SCAT Қазақстан әуе компанияларының және шетелдік Turkish Airlines, flydubai, Etihad Airways, Air Arabia, Wizz Air, LOT және Belavia әуе компанияларының 68 тұрақты рейсін тоқтаттық. Сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Нұр-Сұлтан-Анталия, Алматы-Анталия бағытындағы тұрақты рейс те тоқтатылды» деді Берік Камалиев.

Вице-министр барлық тасымалдаушы және жолаушыларды сабыр сақтауға шақырды. Сондай-ақ Берік Камалиев ұсынылған шаралар елімізде қауіпті вирустың таралуына шектеу қоюға бағытталған және уақытша сипатта енгізілгенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар