Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Тиісті мониторинг жүргізіп жатырмыз - Асхат Аймағамбетов

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Тиісті мониторинг жүргізіп жатырмыз - Асхат Аймағамбетов

«Келесі мәселе - колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерінің мәселесі. Жалпы, барлық колледж бен жоғары оқу орындары 16 наурыздан бастап қашықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшті. Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасына сай жүргізілетін болады. Әрине, бізде бүгін 790 колледж бар, бәрі 100 пайыз біз берген бағдарламалар еленіп отыр деп айта алмаймыз, бірақ басым көпшілігінде бұл бағдарлама бар. Бұл бағдарламалармен жұмыс істеп жатыр, біз тиісті мониторингті жүргізіп жатырмыз. Мұғалімдер де контентін енгізіп, бұл бағдарламамен осы жаңа жүйеге бейімделіп жатыр деп айта аламыз.

Ал енді жоғары оқу орындарына келетін болсақ, жоғары оқу орындары үшін бұл қашықтан оқыту технологиясы өте таныс және де күнде пайдаланып жүрген құралдың бірі болғандықтан жалпы қиындық туғызып жатқан жоқ. Университеттердің көбі 16-на дейін қашықтан оқыту жүйесіне көшіп кетті. Қалған жоғары оқу орындары бүгіннен бастап қашықтан оқыту жүйесіне көшті» деді ол.