Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Елордада медициналық маскаларды қайдан алуға болады?

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов дәріханалық желілердің өкілдерімен және дистрибьютерлермен кездесті. Қала әкімдігі «Фармация» СҚ дистрибьютормен қосымша маскаларды жеткізу мәселесін талқылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Елордада медициналық маскаларды қайдан алуға болады?

«Қазіргі таңдағы басты міндетіміз - ірі желілерді маскалармен, антисептиктермен қамтамасыз ету. Бүгін, 16 наурызда, кезекті партия әкелінді. 350 мыңнан астам маскалар, сондай-ақ антисептиктер алынды. Бұл жұмысты «Фармация» СҚ бірлесіп ұзақ мерзімді жүйелі негізде жүргізетін боламыз. Өкінішке орай жоғары сұранысты көре нарықтың жосықсыз қатысушылары қорғаныс құралдарына бағаны көтере бастады. Қазір ұйымшыл әрі үйлесімді жұмысты көрсету қажет. Тек бірлесе біз осы мәселені шешеміз», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, дәріханалар әр адамға тек 5 маскадан сатады. Маскалар Биосфера, Саламат Z, Иммуно плюс, Старый лекарь, UDM-КЗ, Феникс, Базикова, Частная Аптека 99, Фармаком, Гиппократ МФК Астана, Жардем компания, Астана Оник, Алсун Астана, Aidamed, Максима фарм, Исакова А. А, Өркен фарм, Стофарм, Еврофарма дәріханалар желісінде бар.