Осы штаб өкілдері кәсіп иелерін жинап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда облыс орталығындағы халық көп жиналатын орындар, сауда үйлері мен базарлар, жолаушылар тасымалы, кинотеатрлар, мейрамханалар, компьютерлік ойын клубтары үнемі бақылауда болатыны айтылды.
- Қазір біздің өңірде эпидемиологиялық ахуал тұрақты, коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Бірақ, арқаны кеңге салуға болмайды. Сақтық шараларын барынша күшейткеніміз жөн. Қала тұрғындарына ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек «Сенім телефоны» жұмыс істеп тұр, – қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.
Жалпы Қызылорда қаласында 12 базар, 60-тан аса сауда үйі, 180-ге жуық қоғамдық тамақтану орны, 1800-ден аса дүкен халыққа қызмет көрсетуде.
Кәсіпкерлерге осы нысандардың төтенше жағдай талаптары шеңберінде жұмыс істеуі қатаң қадағалатыны ескертілді.