Коронавирус • 17 Наурыз, 2020

Қазақстан: Коронавирус бойынша 16 наурыздағы соңғы мәлімет

1580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус жұқтырған оныншы адам тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан:  Коронавирус бойынша 16 наурыздағы соңғы мәлімет

1986 жылғы қыз Алматыға 15 наурыз күні Ыстамбұлдан ұшып келген. Кешегі ең соңғы ақпарат бойынша елімізде коронавирус жұқтырған науқастардың саны 10-ға жетті. Атап айтқанда оның  8-і Алматы қаласында тіркелсе, 2- 3 Нұр-Сұлтан қаласында анықталды. Бүгінде 1536 адам стационарлық карантинде болса, 1094 азамат үй карантинінде.

Министрлік ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасып жатқанын да жазды. Барлық санаттар бойынша мониторингке 2745 адам алынған. Оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1706 адам, 1 «Б» санаты бойынша – 656 адам, 2-санат бойынша – 383 адам. Жалпы кеше кешке дейін дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 132 адам ауруханаға жатқызылған.  Оның 40-ы 1 «Б» санатындағы, 43-і 2-санаттағы, ал 49-ы  3-санаттағы елдерден келгендер.  Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл пациенттердің барлығы алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.