22 Тамыз, 2013

Елшімен кездесті

200 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзаны өз өтініші бойынша қабылдады.

Кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Словакия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петер Юзаны өз өтініші бойынша қабылдады.Кездесу барысында ОСК төрағасы Юза мырзаны Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдері сайлауының қорытындыларымен таныстырып, бірқатар сұрақтарға жауап берді.

Ортсайлауком басшысы аталған сайлау біздің елімізде алғашқы жер-жердегі әкімдер сайлауы екенін және қолданыстағы заңнама мен демократиялық сайлау процесі нормаларын сақтай отырып, ұйымдасқан түрде өткенін атап өтті.

Ал елші ынтымақтастықтың келешектегі дамуына ниет білдірді және Қазақстан Республикасының сайлау ұйымдастырушыларына сәттілік тіледі.

Қ.Тұрғанқұлов Орталық сай­лау комиссиясы қарым-қа­ты­нас­тықтың барлық деңгейінде тә­жірибе мен ақпарат алмасуға ашық екенін және сыртқы байланыстарды халықаралық ұйымдар шеңберінде, сондай-ақ, екіжақты кездесулер аясында белсенді дамытатынын атап өтті.

Словакия Республикасының мемлекеттік органдарымен сайлау саласындағы қарым-қатынас бірнеше жылдар бойы тұрақты негізде жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, Ортсайлауком өкілдері 2009 жылы Словакия Республикасындағы президенттік сайлауды байқауға, сондай-ақ, 2010 жылы парламенттік сайлауды байқауға қатысты. Өз кезегінде Словакия өкілдері 2007 және 2011 жылдары Қазақстан Республикасындағы сайлау науқандарын байқауға қатысты.

«Біздің ынтымақтастығымыз келешекте де жалғасып, бұрын­ғы­сынша жемісті және сындарлы сипатта болатынына сенім біл­діремін», – деді Қ. Тұрғанқұлов кездесу соңында.

«Егемен-ақпарат».