"Қазіргі уақытта мектеп оқушылары көктемгі каникулда, педагогтар қашықтан жұмыс істеуде, мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдары жабылды. Балаларды жекеменшік дамыту орталықтарына жіберуге қатысты шешімді ата-анасы немесе заңды өкілдері қабылдайды.
Қосымша сұрақтар бойынша Білім және ғылым министрлігінің Сall-орталығына: +7 (7172) 74-24-11 телефон нөмірі арқылы немесе облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың Білім басқармаларына хабарласуға болады" делінген хабарламада.
Естеріңізге салайық, жалған ақпарат таратушыларды жауапкершілікке тарту заңда қарастырылған.