Әлем • 17 Наурыз, 2020

Венгрияда қазақстандық азаматшадан коронавирус анықталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияда қазақстандық азаматшадан коронавирус анықталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Венгрияда қазақстандық азаматшадан коронавирус анықталды

«Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігіне біздің бір азаматшамыз Будапешт қаласында коронавирус күдігімен жергілікті ауруханалардың біріне жатқызылғаны туралы хабарлама келіп түсті. 2020 жылдың 16 наурызында Венгриядағы Қазақстан Республикасының елшілігіне біздің азаматымыз Будапешт қаласындағы ауруханалардың біріне коронавирусқа күдіктеніп, ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Жүргізілген талдаулардың нәтижелеріне сәйкес тест оң нәтиже көрсетті. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты, ол ауруханада емделеді» делінген хабарламада.