Қоғам • 17 Наурыз, 2020

Нұрлан Смағұлов MEGA орталықтарының жабылатынын мәлімдеді

2478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Astana Group президенті  Нұрлан Смағұловтың баспасөз қызметкерлері БАҚ өкілдеріне MEGA сауда ойын-сауық орталықтарының жабылатыны туралы хабарлама таратты.

Нұрлан Смағұлов MEGA орталықтарының жабылатынын мәлімдеді

«Біз әлеуметтік-жауапты компания ретінде барлық MEGA сауда ойын-сауық орталығы желілерін жабуға шешім қабылдадық.

Біз мұны кез келген коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, сондай-ақ жалға алушылар мен келушілерден келіп түскен өтініштерді ескере отырып жасап отырмыз.

Супермаркет пен дәріхана өз жұмысын әрі қарай жалғастыра бермек. «Рамстор» супермакеті күнделікті сағат 9:00-ден 23:00 дейін, ал дәріхана сағат 10:00-ден 22:00 дейін жұмыс істейді.

Біздің басымдықтарымыздың бірі — сауда ойын-сауық орталығы мен оған іргелес аумақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Біздің жалға алушылардың мүдделерін барынша ескере отырып, сауда ойын-сауық орталығының жабылу кезеңінде жалгерлік ақы алынбайды.

Біздің алдымызда өзіміздің және жақындарымыздың денсаулығын сақтау міндеті тұр. Өздеріңізге сақ болыңыздар!

Біз бұл қиын кездерде жасап отырған шараларымызға түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз, мұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін жасалуда.

Бірге біз бұл қиындықтардан да өтеміз!

Компаниямыздың атынан сіздерге сенімдеріңіз бен қолдауларыңызға алғыс білдіреміз» дейді Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов

Соңғы жаңалықтар