УЕФА-ға мүше 55 ел Еуро-2020-ны 1 жылға кейінге қалдыру туралы ұсынысты қабылдады. Бұл ұсынысты мүше елдердің, Еуропалық клубтар қауымдастығының және футболшылардың өкілдері қатысқан FIFPro конференциясы қабылдады.
Турнир 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында өтеді деп жоспарланған. Жақын арада ресми хабарландыру келеді деп күтілуде.
Норвегия футбол федерациясы да өзінің Twitter-дегі ресми аккаунты арқылы турнир бір жылға кейінге қалдырылғанын хабарлады.