Хоккей • 17 Наурыз, 2020

ҚХЛ плей-офф ойындарын сәуір айына дейін тоқтатты

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасы коронавирустың қаупіне байланысты Гагарин кубогының плей-офф кезеңін тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚХЛ-дің президенті Алексей Морозов мәлімдеді.

ҚХЛ плей-офф ойындарын сәуір айына дейін тоқтатты

Чемпионат 10 сәуірге дейін тоқтатылады. Осы мерзімнен кейін плей-оффтың өтетіндігі және қандай жағдайда болатындығы туралы шешім қабылданады. 

Егер 10 сәуірден кейін шектеулі шаралар алынып тасталса ҚХЛ клубтары үшін чемпионаттың келесі кезеңіне дайындық басталады. ҚХЛ ойындарының форматы мен уақыты ресми интернет-ресурстарында жарияланады. 

Еске салайық, 16 наурызда ҚХЛ турнирді бір аптаға тоқтатқан болатын. Бұған дейін «Барыс» пен финдік «Джокерит» хоккей клубтары маусымдағы плей-офф кезеңдеріне  қатысудан бас тартқан еді.