19 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап енгізілетін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумағына адамдардың кіруіне немесе шығуына келесі санаттағы тұлғалар үшін қолданылмайды:
Бұған дейін қаладан шығып кеткен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары қалаға оралған жағдайда;
Бұған дейін қалаға кірген басқа өңірлердің тұрғындары қаладан шығатын болса;
Бұған дейін шетелдерге шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары (олар Қазақстан Республикасына оралған жағдайда);
Бұған дейін елден шығу үшін Қазақстан Республикасының аумағына кірген және елден шығып кету мақсатында әуе көлігімен шығатын шетелдіктерге;
Шетелдіктер (азаматтығы жоқ тұлғалар), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға;
Бұған дейін шетел мемлекетінің аумағына шығып кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына оралған жағдайда;
Емделу үшін шетелге шығатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, олардың денсаулық сақтау мекемелерінің растаушы құжаттары болған жағдайда;
Елдің және шетел мемлекеттерінің дипломатиялық қызметінің персоналы және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ Қазақстанға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша бағыт алған шетел мемлекеттерінің және халықаралық ұйымдардың делегация мүшелеріне;
Пойыз және локоматив бригадаларының мүшелеріне, сондай-ақ теміржол тасымалы процесіне қатысатын тұлғаларға, әуе, теңіз көліктерінің экипажына, халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүк автокөлігі құралдарының жүргізушілеріне;
Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасы мүшелері болып саналатын шетелдіктерге (туыстық байланыс фактісі - ері (зайыбы), олардың ата-аналары мен балалары екені расталған жағдайда);
Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмыс істейтін, қала маңы аумақтарында тұратын тұрғындарға;
Басқа да ерекше жағдайларда, мұндай жағдайлар COVID-19-бен күресу жөніндегі қалалық штабтарда дербес тәртіпте қаралады.