23 Тамыз, 2013

Әбіләзовтің «әріптестері»

266 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанға қайтарылып алынады

Қазіргі күндері Қазақстанның Қаржы полициясы Әбіләзовтің ұйымдасқан қылмыстық тобының басшылары мен белсенді қатысушыларын елімізге жеткізу бағытында орасан зор жұмыстар жүргізіп жатыр. Әзірге топ бастаған серке іспеттес Мұхтар Әбіләзовтің өзі болмағанымен, оның елден емін-еркін ұрлап кеткен орасан зор көп ақшасының арқасында жүрген бірқатар жандайшаптарын Қазақстанға әкелудің бір ұшы көрініп қалған сыңайлы. Айталық, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оның қызметіне қатысты, сондай-ақ, БТА Банктің ақшалай қаражатын ұрлады және заңсыз пайдаланды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған БТА Банк корпоративтік бизнесі №6 басқармасының бұрынғы бастығы Вероника Ефимова әне-міне дегенше республикаға келтіріліп қалуы мүмкін.

Қылмыстық іс материалдары бойынша В.Ефимова өзінің тікелей бастығы және идеялас көсемі М.Әбіләзов тізгінін ұстаған қылмыстық топтың белсенді мүшелерінің бірі болған. Ол 2005-2009 жыл­дары Әбіләзовтің ұйымдасқан қыл­мыстық тобының бақылауындағы ком­панияларға несиелерді рәсімдеу арқылы банктің ақшалай қаражатын ұрлау үшін айрықша уәкілеттіктер алған БТА Банктің корпоративтік бизнесі №6 басқармасына жетекшілік еткен. Кейін басшысымен бірге шетелге қашқан. Ал 2009 жылғы 11 наурызда В.Ефимованы қамауға алу сырттай санкцияланса, 17 наурызда оған халықаралық іздеу жарияланды. Сол Ефимова 2009 жылғы 3 шілдеде Мәскеу қаласында ұсталды. 2010 жылғы 21 сәуірде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы Ефимованы қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадиция жасау туралы шешім қабылдады.

Алайда, В. Ефимова бұл шешімге қарсы бірнеше рет шағым түсірді. Соның салдарынан оны елге әкелу біраз кешеуілдей берді. Дегенмен, істі қараған әртүрлі деңгейдегі соттар, оның ішінде Ресей Федерациясының Жоғарғы Сотының Сот алқасы кейін шағымдарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімдер шығарды. Осыдан кейін «суға кеткен тал қармайдының» кебін киген В. Ефимова Адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына да жүгінді. Бұл сот та соңынан Қазақстанға жөнелтілген жағдайда Ефимованың құқықтары бұзылмайтынын құптаған шешім шығарды. Енді жақын уақыттарда ол республикаға жеткізілетін болып отыр.

Бұған қоса, Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Бас прокуратурасы арқылы БТА Банктің корпоративтік бизнесі №6 басқарма бастығының орынбасары болған Зәуре Жүнісоваға (Ақпенбетова) қатысты экстрадициялық материалдарды Венгрияға жолдаған болатын. БТА Банктің ақшалай қаражатын ұрлады және заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражат пен өзге де мүлікті заңдастырды деген айыппен оған 2009 жылғы сәуірде халықаралық іздеу жарияланған еді. Тергеудің пайымынша, ол 2005-2009 жылдары БТА Банктің корпоративтік бизнесі №6 бас­қарма бастығының орынбасары болып тұрғанында, Әбіләзовтің ұйымдасқан қылмыстық тобына тәуелді Қазақстан Республикасының резиденттері болатын заңды тұлғаларды және оффшорлық компанияларды құрумен, оларға басшы, құрылтайшы болатын адамдарды іздеумен айналысқан.

Қашқын З.Жүнісова биылғы жылғы 23 шілдеде Венгрияда қолға түсті. Жақын арада бұл елдің уәкілетті органдары оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарайтын болады.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.