23 Тамыз, 2013

Мұнайшылар үшін спорт пен еңбек егіз

413 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ө жұмыскерлерінің табысты еңбек етіп, жұмыстан бос уақытта спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсетіп келеді. Мұнайшылар спортпен айналысып қана қоймай, оны үлкен ынтымақ-бірліктің шарасы – Спартакиада ауқымына көтеріп отыр. Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ға қарасты, еншілес және бірлескен кәсіпорындары еңбек ұжымдарының Астанада I спартакиадасы өткен болатын. Биыл 19 тамызда, дәстүрлі спорт сайысы, II спартакиаданың туы мен алауы Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда көтерілді, Еліміздің әнұраны шырқалды.

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ ө жұмыскерлерінің табысты еңбек етіп, жұмыстан бос уақытта спортпен айналысып, саламатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсетіп келеді. Мұнайшылар спортпен айналысып қана қоймай, оны үлкен ынтымақ-бірліктің шарасы – Спартакиада ауқымына көтеріп отыр. Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ға қарасты, еншілес және бірлескен кәсіпорындары еңбек ұжымдарының Астанада I спартакиадасы өткен болатын. Биыл 19 тамызда, дәстүрлі спорт сайысы, II спартакиаданың туы мен алауы Жаңаөзен қаласында Әмин Тұяқов атындағы стадионда көтерілді, Еліміздің әнұраны шырқалды.

Өткен жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнайшылары спартакиада жеңімпазы болған болатын. Сондықтан, биылғы спартакиаданы ұйымдастырып, өткізуде үлкен ұжыммен бірге өзендік мұнайшылар көп күш салды. 19 тамыз күні басталған спартакиада бес күн бойы мұнайшылар қаласының көркін спорттық сайыстармен қыздырады.

«Ақмышта туып, АҚШ-та жүлде алған» желаяқ, мұнайлы Маңғыстау өңірінің тумасы Әмин Тұяқов атындағы 3 мың адамға арналған стадион көрерменге лық толды. Әнші Тамара Асар, «Жорға» би тобы өнермен қолдау көрсетіп, белгілі спорт комментаторы А.Сейітханұлы жүргізген спорттық шара жалпы жұртшылыққа мерекелік көңіл-күй сыйлап, кешкі самалда серги демалуға мүмкіндік бергенін айта кету керек.

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры А.Нұрсейітов, КСРО спорт шебері Ә.Тұяқов сайысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі. «Қара алтын» қамбасын толтыру жолында қажырлы еңбек етіп жүрген мұнайшылар тек құрыш білек еңбеккерлер ғана емес, еңбекте ысылған, әбден шыныққан спортшылар болып шықты. Яғни, спартакиадаға қатысушы 400-ге тарта сайыскер мұнайшылар арасында түрлі дәрежедегі спорт шеберлері, спорт түрлерінен әлем, Азия чемпиондары да бар. Мұнайлы астана Атырау облысынан келген «Ембімұнайгаз» АҚ-да, Қызылорда өңірінің абыройын арқалаған, өткен жылы спартакиаданың 3-орын жүлдесін қанжығасына бөктерген «Қазгермұнай» БК ЖШС-де өңкей сайдың тасындай іріктелген саңлақтарын сайысқа қосыпты. Мұнайшы спортшылар қатарын Маңғыстаудан «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Технологиялық көлік және ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасы» ЖШС, Жаңаөзендегі ҚМГ БӨ еншілес кәсіпорындары жеке командалар қатары көбейтті. Майталман мұнайшылар арасында спортты серік еткен мықтылар да аз емес. Мысалы, «Қаражанбасмұнай» АҚ командасының құрамында мұнайшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, кекушинкай-каратэден екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, Қазақстан Республикасының 10 дүркін чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан еліміздің чемпионы Қанат Жолдасбаев сайысқа қатысты. «Өзенмұнайгаз» АҚ та спортшыларға кенде емес. «Өзенмұнайгаз» атты шағын футбол клубы бар мекеменің өткен жылы спарткиада жеңімпазы болуы мұндағы спорт саласының жолға қойылғандығын аңғартады.

– Біз мұнайшылардың спортпен айналысуына қажетті инфрақұрылымдарды дамытуға айрықша көңіл бөлеміз. Компанияның барлық еншілес компаниялары мен бірлескен кәсіпорындарында мұнайшыларға жұмыстан бос уақытта спортпен айналысуға жағдай жасалған, сондай-ақ, спорт сайыстарын өткізу дәстүрге айналған. Мұндай шаралар біздің әр облыста еңбек етіп жатқан мыңдаған қызметкерлеріміздің бір алаңда бас қосып, күш салыстыруына мүмкіндік береді, ­– дейді «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры А.Нұрсейітов. Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне және Маңғыстау облысының 40, Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойына арналып бес күн бойы жалғасатын спорт сайысында мұнайшылар шағын футбол, арқан тарту, волейбол, жүзу, тоғызқұ малақ, үстел теннисі, баскетбол, жеңіл атлетикалық эстафета, қазақша күрестен бақ сынайды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».