Қоғам • 18 Наурыз, 2020

80%-дан астам мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болады - Анар Жайылғанова

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, 80 пайыздан астам мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды түрде ала алады. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова мәлімдеді.

80%-дан астам мемлекеттік қызметті электронды түрде алуға болады - Анар Жайылғанова

- Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының коронавирусты пандемия деп жариялауына және ел Президентінің Төтенше жағдайды енгізуіне байланысты мемлекеттік ақпаратқа халық тыныс-тіршілігінің барлық салаларының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Бүгін біз жаңа талаптар жағдайында барынша бірлесе отырып алдын ала әрекет етуіміз керек.  Бұған біздің Мемлекет басшымыз шақыруда. Бұл күндері біздің азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелерге жүгінбей, қажетті көрсетілетін қызметтер көлемін алуларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілер барынша үйлесімді жұмыс істеулері керек. Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды форматқа көшіру бойынша мемлекеттік органдардың белсенді қызметінің арқасында азаматтар үйден шықпай-ақ электронды түрде 80 пайыздан астам мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар, - деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова

Сондай-ақ ол төтенше жағдай кезеңінде азаматтардың жайлылығы мемлекеттік органдардың жұмысына байланысты екенін атап өтті.

- Азаматтардың мемлекет қызметті қашықтан алуы, соның ішінде өтініштерді мемлекеттік органдардың call-орталықтары және онлайн қабылдау арқылы қабылдау үшін ақпараттық жүйелер мен порталдардың үздіксіз жұмыс істеуіне ерекше назар аудару қажет, - деді ол.