Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Сарысуда ұстаздар мен дәрігерлер аллеясына 8000 түп тал егіледі

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге туыңды тік!» бағдарламасы аясында Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тұрғындары ұстаздар және дәрігерлер аллеясын көгалдандыру жұмыстарын бастады.

Сарысуда ұстаздар мен дәрігерлер аллеясына 8000 түп тал егіледі

Мұнда 8000 түп тал егу жоспарланған. Жалпы, аллея 10 гектар аумақты алып жатыр. Аудан орталығы Жаңатас қаласының шыға берісінде орналасқан аталған аллеяға азаматтар түрлі жеміс талдарын егіп, ауданды көгалдандыру жұмысына өзіндік үлесін қосатын болады. Алдағы уақыттарда аудан  жастары, жалпы тұрғындар жаңа аллеяны күтіп-баптауда қалыс қалмайтынын айтуда. «Туған жерді қасиет тұту – асыл ұғым. Бала жанының бағбаны бола білген кейбір азаматтардың өздері ортамызда болмағанымен, олардың ізгілікті ісі жалғасып келеді», дейді Абылай хан атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Айгерім Әділханова.

1

Бүгінде Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірді көгеріштендіру жұмыстарына көңіл бөлуде. Осы орайда аудан басшылығы да игілікті іске септесіп, көпшілікті көгалдандыру жұмыстарына ұйымдастыруда. Бұл ретте аудан әкімдігі тарапынан бос жатқан жерлерді тиімді пайдалану мәселесі осылай жүзеге асып отыр. Жалпы, ұстаздар аллеясына 5000 түп тал отырғызылатын болса, дәрігерлер аллеясына 3000 түп жеміс және қара ағаш егілетін болады. Дәрігер Аида Боханова мемлекеттің дәрігерлерге деген қолдауы қашанда жоғары екенін, ашылған дәрігерлер аллеясын көркейту үшін үлес қосатындарын жеткізді.

 

Жамбыл облысы