Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Жамбылда 50 мыңнан астам тұрғын пилоттық жобаға қатысуда

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бойынша пилоттық жоба табысты жүзеге асуда. 50 мыңнан астам тұрғын аталған жобаға қатысуда. Қазіргі уақытта 7,2 миллиард теңгеге ауыл тұрғындарының 2459 өтінімі қаржыландырылған болса, жалпы жоба аясында облыстың 10 ауданындағы 11 ауылдық округтің  7886 ауласы қамтылуда.

Жамбылда 50 мыңнан астам тұрғын пилоттық жобаға қатысуда

Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметінше, жоба бойынша пилоттық округтерде 11 кооператив құрылып, олардың шоттарына 125,9 миллион теңге көлемінде айналым қаражаты аударылған. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының 71,7 мың гектар пай жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 230,1 миллион теңге бөлінген. Бұл қаражат аграршыларға қажетті тұқымдар мен тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қорғау үшін химиялық құралдарды сатып алуға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде олар көктемгі егіс жұмыстарына толықтай дайын.

Сонымен қатар, шаруашылықтарда 138,1 миллион теңгеге жалпы ауданы 2,125 гектардан  асатын 16 жылыжай құрылысы басталды. Үй маңындағы аулаларды тиімді пайдалану үшін мал шаруашылығы бойынша 40,6 мың бас мал сатып алынған. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жыл басында 192 бірлік жаңа техника берілді. Қазіргі таңда өңірде консерві цехының құрылысын бастау жоспарлануда. Жоба шеңберінде ауыл тұрғындарының өз шағын кәсібін ашуға да қолдау көрсетілуде. Бұл бағыт бойынша құны 64,6 миллион теңге болатын 12 жоба қаржыландырылған. Бөлінген қаражат негізінен шағын цехтарды қажетті құрал-жабдықтармен жарақтандыруға бағытталған.

Жамбыл облысы