Алғашқы нысан Сырдария ауданындағы «Нұрлы-Жол» кешені болды. Жалпы аумағы 2 гектар аумақта көлік жөндеу және жуу орындары, қонақ үй, кафе, 40 орындық мейманхана және көлік тұрағы бар. Кешенде санитарлық-дезинфекциялық және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады. Бір мезетте тек 50 адамға ғана қызмет көрсетуі тиіс. Бұдан әрі аймақ басшысы осы аудандағы «Керуен» кешеніне аялдады. Мұнда да вирустың таралуын болдырмау мақсатында уақытша шектеулер енгізілген.
Сондай-ақ, «Қызыл-Орда» қызмет көрсету кешенінде де тазалық, залалсыздандыру жұмыстары күшейтілген. Жауапты мекеме тарапынан күн сайын тексеру жүргізіледі. Аймақ басшысы аудан әкімі Руслан Рүстемов пен нысан иелеріне төтенше жағдай талаптарын сақтауды тапсырды.