Асылбек Өмірбекұлы 1978 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық туризм», Қызылорда мемлекеттік университетін «Мұнай-газ кен орындарын игеру» және «Құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылорда интеграция» компаниясының менеджері ретінде бастап, әр жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, сондай-ақ облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.
2012-2018 жылдары облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары. Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болды. Соңғы 2 жылда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы қызметін атқарды.
Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов жаңа әкімнің алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан экономикасының дамуы мен әлеуетінің артуына күш салатынына сенім білдірді.