Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Саяси сабақтастықтың озық үлгісі

293 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Өткен жылы әлем жұртшылығы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі тарихи оқиғаның куәсі болды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында – 19 наурызда Қазақ мемлекеттігінің негізін қалаушы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемле­кет басшысы өкілеттігін тоқ­та­тып, кезектен тыс сайлауға дейін ел басқаруды сол кездегі Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа өткізетінін жариялады.

Саяси сабақтастықтың озық үлгісі

Арада көп уақыт өтпей, 9 маусымда Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауында мемлекеттік басқару ісін­дегі саяси мол тәжірибесімен және көш­басшылық қабілетімен ай­қын же­ңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемел­ұлы Тоқаев Қазақстан Республи­касы­ның Президенті болып сайланды.

Елбасының тағдырлы шешімі, бүкіл халық үшін тосын болған қадамы әлем­дік деңгейде, болашақты болжай ала­тын тарихи ауқымда оның тағы да саяси әрі мемлекеттік қайрат­кер ретін­­дегі кемеңгерлігі мен парасат­ты­лы­ғын көрсетті. Оның іс жүзіндегі саяси ерік-жігері, таудай талабы мен таң­­дауы мемлекетті басқарудың және сабақ­­тастықтың озық үлгісін ғана жасап берген жоқ, сондай-ақ мем­лекет­шілдіктің мәңгілік идеясы мен дәстүр­дің жалғастығын қалыптастырды. Қазақ­стандық даму даңғылының жаңа жолын салып беріп, іргесін қала­ды. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жо­март Кемелұлы Тоқаев: «Елба­сы­­ның дана шешімінің арқасында би­лік сабақтастығы ешбір дүрбелеңсіз, шие­лен­іссіз жүзеге асты. Бұл болашақ үшін, мемлекеттің тұрақтылығы мен ұда­йы дамуы үшін жасалған бірегей қадам екенін ұмытпауымыз керек. Біздің енді­гі міндетіміз – осы жолдан, осы бағыт­тан ауытқымай, тек алға басу, өсу, өркен­деу», деп өз бағасын берді.

Тұңғыш Президентіміз билік сабақ­тастығы туралы сөз еткенде, дүние жүзі­нің тарихында орын алған бұл жағ­­дай­дың бірінші елеулі оқиға емес екенін айтты. Тарихта бір кездері Шарль де Голль, Ли Куан Ю, Махатхир сынды ел басқарған мемлекет қайрат­кер­лері лауазымдарынан бас тартқан-ды. Дегенмен, бұл қол сілтеп, жеңіл баға бере салатын мәселе емес. Билікке талас-тартыстың небір мысалдары толып жатқан қазіргі кезде мемлекетшілдік пен дәстүрдің жалғастығын сақтау ең өзекті мәселелердің бірі екені анық. Сондықтан әлемдік деңгейдегі сарапшылардың бір парасы жасал­ған осы батыл қадамды өз ақылдары­на қондыра алмады. Елбасы­ның мандаты биылғы жылдың аяғына дейін жалғасуы керек еді. Бірақ ұзақ толғаныстың нәтижесінде оны күтпестен дәл осындай тосын шешім қабылдады. Аты аңызға айналған, президент лауазымынан атағы дүркіреп тұрған шақта өкілеттігін тапсырды. Оны сүйген халқы да зор өкінішпен қабыл алды.

Парасат биігінен көрінетін тұлға­ның ғана осындай қадамға баратыны анық. Елі сүйген, елін сүйген басшы­ның ғана қолынан келетін іс. Әйтпесе тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміздегі барлық жетістіктер мен табыстардың тағдыр­лы, қиын сәттерді еңсерген Елбасы­ның есімімен тікелей байланысты екені дүйім жұртқа белгілі. Осы тұста Мемлекет басшысының «Ол тарихты жасайды» атты кітабында тәуелсіздік­тің сол бір қиын-қыстау кезеңіндегі Нұрсұлтан Назарбаев феномені мен рөлі туралы өте орынды баяндалған: «Бүгінгі күннің биігінен қарағанда, Қазақстан табысты реформалардың, тұрлаулы дамудың жолына түскен ел ретінде бүкіл әлемге танымал болып тұрған кезде кейбір кісілерге, әсіресе, жас буын өкілдеріне қол жеткен табыс­тар өзінен өзі келіп жатқандай, бәрі осылай болуға тиістей көрінуі мүмкін. Алайда, мына біз, мемлекетті құрудың қатысушылары мен куәгерлері, олай емес екендігін білеміз ғой. Белді саясаткерлер мен сарапшылар кезінде Қазақстанның келешегін күңгірт етіп көрсеткен болатын.

Күрделі ішкі саяси, экономикалық, демографиялық жағдайлары, шекарасы­ның заңды тұрғыдан бекітілмегені бұрын­ғы одақтық республикаға шынайы тәуел­сіздікке қол жеткізуге, әлемдік қоғам­дас­тықтың толыққанды мүшесі болуға мүмкіндік бермейді-міс десіп жат­­ты. Бірақ олар 90-шы жылдардың ба­сын­да Мемлекет құрушының тар жол, тайғақ кешуіне түскен Нұрсұлтан Назар­баев­тың өзекті рөлін ескермеген еді.

Жаңа Қазақстанды құрудың бүкіл жауапкершілігін Елбасы өз мойнына жүктеді. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тартысты кернеуге толы сол бір күндерде, экономика толықтай күйреп, кәсіпорындар тоқтап, ереуілдер біріне бірі жалғасып жатқан кезде, дүкендердің сөрелері тып-типыл болып, инфляция 3 мың пайыздық деңгейден асып кеткен шақта халықтың арасында торы­ғу­шылық, дүрбелеңге түсушілік күшейді, талайларға мемлекеттің тәуел­сіздігі деген әншейін әдемі сөз күйінде қала­тын­дай көрінді. Сол сын сағатта рефор­малар бойынша қиын шешімдер қабыл­д­ағанда Елбасының нендей күйді кеш­кенін оны өзі ғана біледі».

Расында, сол бір аласапыран кезеңде мемлекетті сақтап қалу­дың, тіпті әрі қарай дамытудың күр­делілігі мен ауырт­палығы Тұңғыш Президентімізге ғана аян. Жетістікке жету жолының тар да, тайғақ кешу екені бесенеден белгілі. Сол кездерді есіне алған Елбасымыз: «Мен Қазақстанды Кеңес заманынан бері басқардым, 1984 жылы Қазақстан Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып сайландым. Міне, 35 жыл өтті, КСРО ыдырағаннан кейін және соңғы 30 жыл аса ауыр жылдар болды. Ыдыраған мемлекеттерде, соның ішінде КСРО-ның бір бөлігі болған Қазақстанда сынған ыдыс сияқ­ты түк жоқ. Барлық байланыс үзілді, 2 ми­л­лион адам жұмыссыз, электр жоқ, дүкен­­дерде нан жоқ, сүт жоқ, шұжық жоқ. Міне, осындай Қазақстанды кезінде мен қабылдап алдым», деді.

Елбасы басқарған тәуелсіздік жыл­дарының ішінде біздің еліміздің эконо­ми­касы 20 есеге артып, халықтың әл-ауқаты 19 есеге көтерілді. Әлемдік қоғамдастық мойындаған, бұдан бұрын бейбітшілік картасында болмаған мемлекет құрылды. Еліміз әлем сыйлап, құр­ме­ттейтін мемлекетке айналды. Оған қоса бүгін Нұр-Сұлтан деп атала­тын астанамыз бой көтерді. Әлемге үлгі болған бас қаламыз қиын кезеңде салын­ды. Мемлекетіміз тәуелсіздігін нығай­тып, оны дамытатын институттар қа­лып­тасты. Қорғаныс қабілеті мен қауіп­сіз­дігі қамтамасыз етілді. Ең бас­тысы – шекарамыз бекітілді. Көршілес, бауыр­лас мемлекеттермен, әлемнің алпауыт ел­дерімен достық қарым-қатынас орнатылды.

Сол жылдары қазақтың саны 40 про­центке жетер жетпес еді. Өзге этнос өкіл­дерінің саны қазаққа қарағанда едәуір жоғары болды. Ішкі саяси жағ­дайды тұрақтандырып, бірлік пен ынты­мақты сақтау мақсатында Тұңғыш Прези­денті­міздің бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ширек ғасырда атқарған жұмыстары арқылы Ассамблея өз-өзін толығымен ақтады. Бүгінде «Бір Халық – бір Отан – бір Тағдыр» идеясын жүзеге асырып отыр. Тәуелсіздігіміздің құрдастары – өзге этнос өкілдері қазақ тілінде білім алып, емін-еркін сөйлеп, қазақтың мұңын мұндап, жоғын жоқтап келеді. Бұл да Елбасының көреген саясатының жемісі.

Иә, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа мемлекеттілік жүйесін жасаудың барлық тауқыметін басынан өткерді. Осы жолда толағай табыстарға қол жет­кізді. Нарықтың қатаң тезінен, көрші­нің сұқ көзінен жол тауып отырып, бер­е­кесі бар келешегі зор мемлекет құрды. Елімізді төрткүл дүниеге әйгілеп, дүние жүзіне мойындата білді. Міне, сон­дықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, билік сабақтастығының озық үлгісі ретінде Елбасы салған сара жол өз жалғасын таба беретін болады.

Былтырғы жылы мемлекетіміз би­лік­тің ауысуын тұрақты жағдайда өт­кізді. Бұл үрдіс Елбасының пара­сат­­ты­­лы­ғын және халқымыздың данал­ы­ғын көрсетті. Өркениетті ел екені­мізді, Қазақ­станымыздың ешкімге ұқсамай­тын, теңдессіз даму жолының бар екен­дігін дәлелдедік.

Ал Кеңес Одағының шекпенінен шық­қан тәуелсіз елдердің тағдыры әр­қилы екені белгілі. Кейбір мемлекеттер өздері­нің аймақтық тұтас­тығына нұқсан келтірсе, кей елдер төңкеріс ошағына айналып кетті. Базбіреулер мұрагерлік жол­ға түсті. Біздің мемлекетіміз тұтас­ты­ғын сақтап, шетелдік инвестиция тарту, инновациялық жобаларды іске қосу сынды саяси-экономикалық ахуалға ықпал ететін даму жолына түсіп, елдік пен ұлттық құндылықтарды паш етіп, әлем жұртшылығына үлгі болды.

Тұңғыш Президентіміз Қауіпсіздік кеңесінің, Nur Otan партиясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып қалды. Бұл да парасатты шешім. Бәріміз тарихтан үлгі аламыз. Шешуші кезеңдерде тарихи тұл­ғалардың атқарған рөлі орасан зор. Сол сияқты ұлт пен мемлекет тағ­дыры сынға түскенде тарихтың таң­дауы, халықтың қалауы, мемлекеттің қажеттілігі тұлғаға түсетіні бесенеден белгілі.

Халықтың сенімін арқалап, Прези­дент болып сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың билікті қолына алуы бір күннің, бір сәттің немесе бір кездің ғана шешімі емес. Ол – үлкен саяси мектептен өткен, Елбасының қасын­да жүріп, тәуелсіздікке қатысты мем­лек­еттің ішкі-сыртқы саясатына жан тәнімен араласқан, үлкен жауап­кершілікті сезінетін тұлға, мемлекет қайраткері. Әлемдік жағдаймен етене таныс, бұдан бұрын атқарушы билік пен заң шығарушы биліктің тұтқасын ұста­ған Мемлекет басшысы елдің үмітін, Елба­сы­ның сенімін абыроймен ақтап келеді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің бірінші ұстанымының Елбасы жасап берген саяси басқару мен сабақтас­тықты жалғастыру екенін айтады. Екінші – әділеттілік, үшінші – алға басу, даму жолымен жүру деп жеткізеді. Билікті қолына алған күннен бастап, Мемлекет басшысы бұл ұстанымынан айныған емес. Керісінше, барынша жағдай жасап, тереңдете түсті. Биліктің ауысуын бейбіт әрі ешқандай мәселесіз өтуіне ықпал етіп, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етті. Мем­лекеттік ағымдағы мәселелердің шешілуіне, жұмыстардың ары қарай жалғасуына ықпал етті, яғни даму үрдісін тоқтатқан жоқ. Биліктің сабақтас­тығын қамтамасыз етіп, қоғам­мен жаңа форматта сұхбаттасу­ға жол ашты. Ақпараттық технология кең құлаш жайған қазіргі уақытқа бейімделіп, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын қалыптастырды. Қоғамның көкейінде жүрген көптеген күрмеуі күрделі мәселенің дер кезінде шешім табуы үшін және елдегі наразылықты тоқтату үшін уақыт талабына сай жаңа ішкі саяси парадигмаларды жариялап, бірқатар реформаны бастады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, ұлттық идеологияның дамуына жаңа серпін берді. Ұлыларымызды ұлықтап, елдік, ұлттық құндылықтарды әлемге паш етті.

Президентіміз әрқашан қоғам үшін өзекті де, көкейтесті оқиғалардың ортасынан табылып, әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы ретінде жедел бағасын беріп отырады. Резонансты жағдайларға қатысты өзінің позиция­сын білдіріп, мемлекеттің назарын аударады. Яғни жаңа саяси мәдениет­тің қалыптасуына жол ашып, жаңа стандарттардың орын алуына ықпал етіп отыр. Мемлекетті басқару жүйе­сіне енгізген осындай жаңаша форматтар Елбасы бастаған сара жолының әрі қарай дамуына серпін берері сөзсіз.

Адам құқығын қорғау саласына барынша көңіл аударып отырған Мемлекет басшысы әйелдер мен балаларға қарсы зорлық-зомбылық, адам саудасы сынды қылмыстарды қатаңдатуды талап етіп, алдын алу шараларын күшейтті. Тұр­ғындардың әлеуметтік жағдайын жақ­сартуға бірқатар іс-шара қабылдап, сту­денттердің шәкіртақыларының артуы­­­на, қызметкерлердің жалақылары­ның өсуіне ықпалын тигізді. Осылайша мемлекетке деген сенімді арттырып, қоғам ішіндегі көзқарасты өзгертті.

Қоғамның дамуына кепілдік беретін бірлік пен ынтымақты сақтау, сондай-ақ саяси тұрақтылық пен бейбіт қатар өмір сүру мәдениетін қалыптастыру жолында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атқарған қызметі орасан зор. Президент жанындағы кеңесші орган болып табылатын Қазақстан хал­қы Ассамблеясының жұмыстарына тың серпін беріп, ішкі саяси жағдайды тұрақ­тандыратын органдардың атқарып отырған шараларын одан әрі күшейт­ті. Жам­был облысы Қордай ауданын­дағы жағ­дайға байланысты дер кезінде Үкімет­тік комиссия құрып, қордала­нып қал­ған бірқатар қоғамдық мәселенің шешілуіне ықпал етті. Одан кейін ресми сапармен ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, елмен кездесті. Қайтыс бол­ған­дардың отбасыларына көңіл айтты. Тыныш­тық пен бейбітшіліктің ке­пілі бола­­тын­ын жеткізіп, толқыған көңіл­­дерді жұбатып, халықтың сеніміне ие болды.

Мемлекет басшысы тәуелсіз еліміз­дің жаңа тарихы мен талай қиындық­ты еңсерген Елбасымыз туралы естелік­тер жазып, кітаптары жарық көрген. Қазақстан және қазақ қоғамы жаңа тарихи кезеңнің куәсі болды. Саяси сабақтастықтың озық үлгісін көрсеткен Елбасы және сол дәстүр жалғастығын сарабдал саясаткерлігімен алып келе жатқан Президентіміз мемлекетімізді «Мәңгілік ел» идеясына жетелеп, абыройымызды асқақтатып, мерейімімізді өсіріп, жарқын болашаққа қарай бас­тап отыр. Жаңа тарихи кезең туралы әлі талай жазылады. Ал сол кезеңнің белді кейіпкерлерінің бірі сөзсіз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев болатынына кәміл сенеміз. Елдің қол­дауымен, халықтың қалауымен талай белес­тен өткен, талайды көрген және даму жолына түскен мемлекетіміздің ір­гесі күшейіп, бірлік және ынтымақ рухы­мен алып елдердің қатарында бола­тын­ына ешқандай күмәніміз жоқ.

 

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ,

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары