23 Тамыз, 2013

Парламент

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин біздің еліміздегі дипломатиялық қызметін аяқтаған Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Деминмен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Александр Судьин біздің еліміздегі дипломатиялық қызметін аяқтаған Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Олег Деминмен кездесті, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Кездесуде екіжақты ынты­мақ­тастық және көпжақты тұрғыда өзара іс-қимыл аясындағы өзекті мәселелер бойынша сындарлы пікір алмасылды. «Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар дағдылы түрдегі өзара түсіністік және сенім аясында дамып келеді. Украина Қазақстанның маңызды саяси және сауда әріптестерінің бірі. Сындарлы үнқатысу мен нақ­ты келісімдердің арқасында біз­дің елдеріміз екіжақты ынты­мақтастықтың жаңа деңгейіне қол жеткізді. Екі мемлекеттің ба­ғыт-бағдары аймақтық және ха­лықаралық саясаттың көптеген мәселелерінде жақын және нығая түсуде», деп атап өтті А.Судьин.

Екіжақты қатынастарды ны­ғай­туға қосқан үлесі үшін Сенат Төрағасының орынбасары Украина дипломаты О.Деминге алғыс айта келіп, оның дипломатиялық қыз­метінің табысты жалғаса беруіне тілектестігін білдірді.

***

Тараз қаласында Парламент Се­на­ты Эко­но­ми­­ка­лық даму және кәсіпкерлік ко­ми­тетінің хатшысы Сәрсенбай Еңсегеновтің қатысуымен «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» жаңа заң ережелерін түсіндіру мақсатында жиналыс болды.

Шараға еліміздің Өңірлік даму министрлігінің, жергілікті атқарушы биліктің, «Атамекен» одағы» Ұлттық экономикалық палатасының өкілдері және Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы бизнес құрылымдарының басшылары қатысты.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заң палатаға кәсіпкерлердің республикалық, аймақтық және аудандық деңгейде міндетті түрде мүше болуын қарастырады.

– Жаңа заң кәсіпкерлік бастамаларды іске асыруға қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлармен қамтамасыз ету және бизнес қауымдастықтары мен Қазақстанның мемлекеттік органдары арасындағы әріптестікті дамыту, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерді ынталандыру мен олардың бірлестіктері қызметіне қолдау көрсету мақсатында әзірленді, – деп атап өтті Сәрсенбай Еңсегенов.

* * *

Парламент Сенатының депутаты Сергей Плотниковтың Шығыс Қазақстан облысына сапары барысындағы сайлаушылармен кездесуде егін ору, жылу беру маусымына әзірлік, әлеуметтік-мәдени нысандар құрылысы мәселелері талқыланды.

Сенатор Катонқарағай, Зырян, Глубокое аудандарында және Өскемен қаласында болды. Катонқарағай ауданында С.Плотников депутат қолдауымен салынған жаңа балабақша мен мектепте болды. Жаңа мектеп 1 қыркүйекте пайдалануға беріледі. Сенатор алдағы уақытта Үлкен Нарын ауылында тағы бір мектеп құрылысын салу көзделіп отырғанын айтты. Сонымен қатар, ол қазіргі кезде апатты жағдайда тұрған мектеп орнына құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін депутаттық сауалында мәселе көтеру қажеттігін жеткізді.