23 Тамыз, 2013

Келешекте оқу бағдарламасына «Қазақ елі» пәні енгізіледі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Книга

Елімізде 12 жылдық білім беруге көшу бастамасы аясында бастауыш, орта және жалпы білім берудің міндетті мемлекеттік стандарттарының жобасы даярланды. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Жоғарыда аталған жобаны әзірлеуші мамандардың бірі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Әділхан Дүйсебектің айтуынша, жаңа стандарт негізінде бала мектепке 6 жастан қабылданады екен. Бескүндік оқу бағдарламасына сәйкес, оқушыға баға қою қарастырылмаған. Сабақтың ұзақтығы-35 минут. Сонымен бірге, 2-3 сыныпта шет тілдері оқытыла бастайды. 5 сынып «өтпелі сынып» ретінде саналады. Өйткені, бұл кезде баланың кәсіби бейімі анықталады дейді мамандар. Ал «Қазақ елі» пәні осы сыныптан бастап енгізіліп, ол 8 сыныпқа дейін оқытылады. 9-10 сыныптарда «Мамандық әлеміне кіріспе» атты жаңа пәннің негізінде бейіндік білім беру жүргізіледі. 11-12 сыныптарда бұрынғы оқу-өндірістік комбинаттардың тәжірибесі бойынша оқушыларға нақты бір маманның куәлігі беріледі.

Данияр Түймебай.